«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Ауыл аманаты» бағдарламасы биылдан бастап 24 ауылдық округте жүзеге аспақ. Бүгінгі күннің өзінде 233 шаруадан жалпы құны 1,2 млрд.теңгеге өтінім түсті», — деді әкім.
Сонымен қатар Нұрлан Ертас «Кең дала» бағдарламасының ауданда жүзеге асуы туралы атап өтті. Оның айтуынша, аталған бағдарлама аясында «Ұзынағаш» несие серіктестігі арқылы 2 шаруа қожалығына 5 пайызбен 74 млн. теңге несие берілді және 1 шаруаға 78 млн. теңге несие беру жоспарланып отыр.
«Жобалардың негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу», — деді Нұрлан Ертас.