Құжаттарға Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас және «Арсенал» холдингтік компаниясы мен «BELES AGRO KZ» ЖШС өкілдері қол қойды.
Аудан әкімі мәлімдегендей, бұл меморандумдар жалпы өңірдің дамуы үшін өте маңызды.
«Меморандумдар біздің ауданға инвестиция тартуды көздейді. Алтын және күміс өндіру кәсіпорнымен алғашқы меморандум. Жобаларға 15 млрд теңгеден астам қаражат құйылатын болады. 150-ге жуық адамға жұмыс орындары құрылады», − деді Нұрлан Ертас.
Айта кету керек, «Beles AGRO KZ» ЖШС бройлер құс фабрикасының құрылысын салуды жоспарлап отыр.