Соның ішінде Жамбыл жұрты да өз таңдауын жасады. Саяси додада белсенділік танытқандар ішінде қариялар да бар.
Мыңбаев ауылының тұрғыны Серікжан Есмұқанұлы да науқанға ат алысуға келді. Ақсақал кемел келешек үшін дауыс беруге келгенін, болашақ әкім халыққа қалтқысыз қызмет ету керегін айтты.
«Елге еңбек етем деген азаматтар сайлауға түсіп жатыр. Біз өзіміздің көңілімізден шыққан адамға дауыс береміз. Ол әркімнің өз таңдауы. Ендігі әкім елмен етене араласуы керек. Ауылды жаяу аралап, бұқараның мұң-мұқтажын білуі керек», — дейді Серікжан ақсақал.
75 жастағы қария осындай тарихи маңызды күні бірегей шешімдер қабылданып, болашақтың іргетасы қаланады деген пікірде.