Тұрғындардың жазбасына қарағанда, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш пен оның аумағының қоқыстан, арам шөптен тазаланбағанына бірнеше жылдың көлемі болған. Ал сол төңіректе егілген ағаштар күтім көрмей, шіріп кеткен. Жыл сайын тойланатын 9 мамыр мерекесі қарсаңында да еш шара қолданылмайтын көрінеді.
«Әкімдіктегілер жергілікті халықты жұмылдырса көмектесетін едік қой. Бұл не сұмдық? Жауапкершіліксіз билік мамандарының ісі адамды қынжылтады», — деп жазды тұрғындар.
Ал шаһардың әкімдік мамандары бұл мәселеге байланысты ресми жауап бермеді.