Жүздесу барысында спортшылар облыс әкімінен арнайы волейбол кешенін салуды сұрады.
«Спортты дамыту мақсатында барлық қажетті қолдау көрсетіліп жатыр. Нәтиже көрсетіңіздер. Чемпиондық титулды қайтарыңыздар. Сонда ғана жеке спорт кешенінің құрылысы туралы сөз қозғауға болады», — деді Бейбіт Исабаев.
Ал «Динамо» спорт кешеніндегі екі залдың біреуін жөндеу туралы ұсынысты өңір басшысы қолдады. Бұл залдың еденін ауыстырып, арнайы жабын төсеу қажет. Жөндеу жұмыстарына 30 миллион теңге жұмсалмақ.
Ашық әңгімелесуден кейін Бейбіт Исабаев «Жетісу» және «Айқаракөз» командалары арасындағы жолдастық матчты тамашалады. Матч «Жетісу»пайдасына шешілді. Есеп 2:0.