Қазіргі таңда байланыс операторларымен бірге осы мәселеге қатысты бірлескен іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.
“Министрлік азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, ұялы нөмірлерді тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізуді қарастыруда. Осылайша, біз телефон нөмірлерінің бөтен адамдарға тіркелу жағдайларының алдын алғымыз келеді”, — деді министр интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін Ішкі істер министрімен бірлесе талқылауға арналған кеңесте.
Өз кезегінде Марат Ахметжанов алаяқтарға тосқауыл қоюда ұялы байланыс операторларын ат салысуға шақырды.
“Бүгінгі таңда алаяқтардың абоненттік нөмірлерді ауыстыру, орналасқан жерін жасыру қызметтерін, телефондарға қашықтан қол жеткізуге арналған арнайы қосымшаларды пайдалануы өзекті мәселе болып табылады. Көбінесе алаяқтар шетелден болады. Біздің кей отандастарымыздың да оларға көмектесетін жағдайлары кездесіп жатады. Бейтаныс адамдардың өтініші бойынша ақшаны алып, аударып жатады. ІІМ желісі бойынша біз әріптестерімізге тиісті сұраныстар жолдаймыз. Алайда бюрократиялық механизм, келісу кезеңдері қажетті ақпаратты тез алуға мүмкіндік бермейді. Мен бұл мәселені ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің алдағы отырысында көтеруді жоспарлап отырмын”, – деді Марат Ахметжанов.
Елімізде интернет пен телефон арқылы алаяқтық жасау фактілері көбейген.Мәселен, 2016 жылы – 1 мың жағдай тіркелген болса, 2021 жылы – 21 мыңға дейін өскен.