Шараның мақсаты жастарға домбыраның киесі мен күй құдіретін жеткізіп, қасиетті қара домбыраны ұлықтау.
Қазақтың қара домбырасы – ұлтымыздың бойтұмары. Домбыра күніне орай, ұйымдастырылған шара барысында аудандық, қалалық мәдениет үйлернің жанынан құрылған домбыра үйірмелерінің қатысушылары, artsport порталы арқылы жұмыс жасап жатқан шығармашылық үйірмелері және өнер мектебіндегі 6-17 жас аралығындағы 1500-ден астам жас күйшілер мен әр аудан, қаладағы домбыра үйірмесінен сабақ беретін 92 жетекші қатысады.
Мерекелік шара барысында күй тыңдауға жиылған көрермендерге, қала тұрғындары мен қонақтарға халық арасында кеңінен танымал Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», «Адай», күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлері орындалып, шара соңы Алматы облысы Сүйінбай атындағы филармониясының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасады.
Өтетін күні: 04.07.2024 жыл
Басталуы: 10.00
Өтетін жері: Қонаев қаласы, орталық алаң