Тілшінің айтуынша, қоғам белсенділері мен ауыл ақсақалдары Ұйғыр ауданының атауын өзгерту туралы Ақордаға хат жазған.
Өз кезегінде Марат Сұлтанғазиев кез келген жердің атауын өзгертудің өзіндік тәртібі бар екенін айтты.
«Бұл негізінен ономастикалық комиссия арқылы жүргізілетін жұмыс. Аталған мәселенің түйінін тарқату үшін жоғары билік өкілдерінің саяси шешімі қажет емес, ол тек ономастикалық комиссияның құзіретінде. Біз өз тарапымыздан этносаралық келісімді нығайту мақсатында Ұйғыр ауданындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды дұрыстауды ойлап отырмыз. Сонымен қатар мәдениет, білім жағына көбірек көңіл бөліп жатырмыз», — деді өңір басшысы.