Өткен жылғы кездесуде таулы аймақта орналасқан ауылдарда суармалы судың мәселесі екі рет көтерілген. Алайда, жергілікті әкімдік бұл мәселені әлі күнге дейін шешпеген.
«Ауданның өсімдік шаруашылығындағы мәселе — таулы аймақта орналасқан ауылдарда суармалы судың болмауы. Бұл мәселені шешу үшін таулы өзендерде су қоймаларын салу қажет, бұл суармалы жерлерді 6 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Аудан тұрғындарымен су қоймаларын салу мәселелері тұрақты түрде көтеріліп жатыр. Мысалы былтырғы жылғы кездесу барысында аталған сұрақ 2 рет көтерілді. Алайда бұл сұрақтар аудан тарапынан әлі күнге дейін шешімін таппаған», — деді Марат Сұлтанғазиев.
Бұдан бөлек, жиында облыс әкімі көкөніс қоймалары жиналған өнімнің 0,7 пайызын ғана қамтамасыз ете алатынын айтып, көкөніс өнімі туралы мәселені көтерді.
Әкімнің айтуынша, ауданда сыйымдылығы 280 тонна болатын 3 көкөніс қоймасы бар, бұл жиналған өнімнің тек 0,7%-ын ғана сақтауды қамтамасыз ете алады. Жалпы алаңы 9,2 гектар болатын 6 жылыжай бар, олардан алдыңғы жылы 1,2 мың тонна өнім алынды, алайда бұл ауданда өндірілген көкөністердің 5%-ын ғана құрайды.