Форум «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі — нәтижелі білім берудің негізі» тақырыбында өткізілді.
Форумның бірінші бөлімінде СДУ, ҚазҰУ, ҚазҰПУ, НЗМ секілді білім ошақтарынан келген профессор, ғалымдар 350 мұғалімге тренинг өтті. Мұнда мектептерде жаңа оқу бағдарламасы бойынша сабақ өткізудің бағыттары, түрлі пәндерден сабақ берудегі ерекшеліктер, педагогикадағы мәселелер талқыланды.
Ал екінші бөлімде 2000-ға жуық мұғалім тәжірибелік алаңға қатысты. Бұл жерде білім берудің мазмұны мен жаңартылған бағдарламаға сәйкес 20 пән оқытылды.
Шара соңында алыстан ат арытып келген спикерлерге Ұйғыр ауданының атынан Алғыс хат табыс етілді.