Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің еріктілер кеңесімен «1-қазан-Қарттар күні» қарсанында қарттарға қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында, мұқтаж қарт адамдарға азық-түлік жиынтығы табысталды.
1 қазан Халықаралық қарттар күні Қазақстан Республикасында 1990 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 45- сессиясында бекітіліп, жарияланды.
Күн кездейсоқ таңдалмаған, әдетте күз- алтын уақыт деп саналады. Сол сияқты кәрілікте-алтын қымбат уақыт. Осыған байланысты күзгі маусымының ең биік шыңын-күздің жылу кезеңінің ортасын-1 қазанды арнайы күнімен белгілеу туралы шешім қабылданды.
Біз жас ұрпақ еліміздің ардагерлері мен қарт азаматтары алдындағы борышымызды түсінеміз, оны оларға күнделікті назар аудару, қамқорлық, қолдау және олардың өмір сүру сапасын арттыру арқылы ғана орындай аламыз және бұл мемлекеттің әлеуметтік саясатынының басты басымдылықтарының бірі.
Қарттар күні барынша қолдау көрсету қажеттілігін еске салады, біздің мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан еңбегі мен зор үлесі үшін, қолымыздан келгенше көңілдеріне назар аударып құрмет пен көмек және өмір сүру сапасын жақсарту – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басты басымдылықтарының бірі болып табыладындығын айқындайды.
Бұл күні біз аға буын өкілдеріне ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
Сіздердің тәжирібелеріңіз ұрпақтар үшін баға жетпес қазына және біз сіздердің істеріңіздін лайықты жалғасы болуға тырысамыз.