Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Үлкен Алматы айналма жолы биыл пайдалануға беріледі

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы осы жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі

23.05.2023
Аймақ

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр айтты.

Айтуынша, ұзындығы 66 шақырымға созылған үш жолақты I-А санатты жол, қарама-қарсы бағытта да солай қарастырылған. Жалпы саны алты жолақ болатын ақылы автомобиль трассасында сағатына 120 шақырыммен жүруге рұқсат етілген.

«ҮАААЖ-ында ақы алудың ашық жүйесі қарастырылған. Яғни, бұл жүйе айналма жолда шығар кезде және кіреберісінде шлагбаум қоюды қажет етпейді», — деді ол.

Сондай-ақ ол жобаның қолайлығы мен артықшылықтарына да тоқталды.

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы негізгі магистралдарды босату және жол желісінің өткізу қабілетін жақсарту арқылы Алматы қаласындағы көлік ағынын қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде кептелістерді азайтып, жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары үшін көлік қолжетімділігін жақсартады», — деді спикер.

«БАКАД Инвестиции и Операции» ЖШС-нің пайдалану және техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нұрланбек Өмірбаев ҮАААЖ құрылысы барысында жоғары сапалы жабынға қол жеткізу үшін асфальтобетон төсеудің заманауи технологиялары мен әдістері қолданылатынын атап өтті.

«Жол құрылысына жоғарғы сапалы материалдар мен жүк көліктерінің салмағын еш қиындықсыз көтере алатын асфальт жабындылары қолданылды. Бұл автомобильдердің тозуын азайтуға және оларды оңай басқаруына көмектеседі», — деді Нұрланбек Өмірбаев.

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы 2023 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі.

Тегтер: жолҮлкен Алматы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz