Іле Алатауының Алматы облысындағы биік тауларында, Букреев шыңынан «Орман» асуына түсу барысында, 15-16 жастағы төрт жасөспірім жолдан адасып, құтқарушылардан көмек сұраған.
ТЖМ құтқарушылары дереу іздестіру жұмыстарын жүргізіп, теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте жасөспірімдерді тауып, қажетті көмек көрсетті.
Құтқарушылар оларды қауіпсіз жерге жеткізіп, полиция қызметкерлерінің қатысуымен ата-аналарына тапсырды. Абырой болғанда, жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болмады.
Осы оқиғаға байланысты, жасөспірімдердің ата-аналары құтқарушыларға жедел әрекеті мен балаларының амандығы үшін алғыстарын білдірді.