«Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің жүруі температура фонының жоғарылауы және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады», — делінген ТЖД хабарламасында.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті туристер мен демалушылардан қарлы беткейлерге шықпауды, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.