Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері тұрғындарға қар көшкініне байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.
ТЖД ақпаратына сүйенсек, Алматы облысының тауларында 2 мен 5 желтоқсан аралығында көшкін қаупі сақталады.
Іле-Алатауының оңтүстік беткейінде, Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске тіркелген.
«ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ, таулы жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Қар көшкінінің түсуі температура жоғарылауына және жаңбыр, қар мол жаууына байланысты болады», — деді құтқарушылар.