Төтеншеліктердің мәліметінше, автомобильді газ құю стансаларында үйде, тұрмыста қолданылатын баллондарды толтыруға тыйым салынады. Бұл туралы ТЖМ-нің арнайы бұйрығы да бар.
«Алматы облыстық ТЖД тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуы және бақылау жөнінде тапсырмалар жоспарын әзірледі және іске асырып жатыр. БАҚ-да тұрмыстық баллонды толтыруға болмайтыны жөнінде түрлі мақалалар жарық көрді. Бұдан бөлек, облыстағы барлық аудандарда 3 рейдтік шара өтіп, барысында газды қолдану талаптары түсіндірілді», — деді Алматы облыстық өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті бөлімінің бас маманы Арман Хасенұлы.
Сондай-ақ ол тыйым салынған стансада газ құю дерегі бойынша 1 адамның әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлегенін айтты.