Синоптиктер желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі, солтүстік, орталық өңірлерде аздаған қар, оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыста жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде күтіледі. Жоғары атмосфералық қысым аймағының әсерінен Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Республика бойынша тұман, солтүстік бөлігінде желдің күшеюі, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі.