Жиында жағдайдың күрделенуіне жол бермеу және оның салдарымен жедел күресу тапсырылды. Бірлескен күшпен Майдантал ауылын су басуға жол берілмеді. Құтқарушылар мен ЖАО тәулік бойы жұмысты жалғастырып жатыр.
200-ден астам адам және 800-ге жуық ірі қара мал эвакуацияланды. Инертті материалдары бар 13 мыңнан астам қап төселді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Түркістан облысында жаңбыр тоқтады. Алайда су ағыны жалғасып жатыр. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді.
«Қазгидромет» мамандары облыста бүгін де жауын жауып, өзендерде су деңгейі көтерілетінін ескертті.
Жағдай ерекше бақылауға алынды. Республикалық және облыстық жедел штабтар, «жедел желі» жұмыс істеп тұр.