Қайғылы жағдай кеше, 8 наурыз күні болған.
Куәгерлердің айтуынша, марқұм — шамамен 18-20 жастағы ер адам. Пойыз жігітті 20-30 метрге дейін сүйреп, кейін тоқтаған. Көлік полициясы оқиғаның мән-жайын әзірге жарияламады. Ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатқанын ғана хабарлады.
«Шымкент стансасындағы желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайды», — делінген хабарламада.