Түркістан көшесіндегі көлікті ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлері бағытталды. Қарызын төлеуден жалтарған азаматқа борыштарын өтеу туралы ескертілді.
Ал көлік айыптұраққа қойылды. Азамат оны қарыздарын төлеген соң қайтара алады.
Айта кетейік, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Қорғау» қосымшасы жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заңбұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті жүргізушілерді анықтайды.