Оқиға тау бөктерінде болғандықтан, зардап шеккен азаматқа шұғыл медициналық көмек қажет болды.
Алайда оқиға орнына жету қиын жер бедерінде орналасқандықтан, жедел жәрдем тікелей көтеріле алмады. Осыған байланысты дәрігерлер Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларымен бірлесіп, өтімділігі жоғары арнайы «Toyota Hilux» автокөлігімен Ассы жазығына көтерілді.
Құтқарушылар мен медицина қызметкерлері жарақат алған азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны қауіпсіз жерге – «Батан» гидробекетінде күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне аман-есен жеткізді.
Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында адам өмірі сақталып қалды. Қазір жүргізушінің жағдайы бақылауда, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.






