«Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс» тақырыбындағы кездесуге спортшылар, жас депутаттар, белсенді жастар, кәсіпкерлер, Алматы облысы жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және волонтерлер қатысты.
Жиында Мәлік Нұржанұлы Ұлттық құрылтайда айтылған Президент тапсырмалары төңірегінде кеңінен әңгіме қозғады. Ұлттық тәрбие мен құндылықтар жайында пікір алмасты .
Өз кезегінде жастар қауымы да толғандырған мәселелерін ортаға салып, келелі ұсыныстарын жеткізді.