Қала әкімі, география және су қауіпсіздігі институтының мамандары шақырылғаны туралы айтты. Олар Чехов көшесіндегі бірқатар үйлерге қауіп төніп тұрғанын анықтады. Алайда, нығайту жұмыстары аяқталған соң бұл жер тұрғындар үшін қауіпсіз мекенге айналмақ.
Төтенше жағдай бағыты бойынша жобаға және құрылыс-монтаждау жұмыстарына барлығы 140 млн теңгеге жуық қаражат қажет болады. Әкімдікте атап өткендей, өтінім жазылып, облысқа жіберілді.
Тұрғындар трагедияны қайталаудан қорқады. «Біз осының бәрі болған күннен бастап қорқынышта өмір сүріп келе жатырмыз. Шу естілгенде бірден бәріміз көшеге шығамыз. Бұл өте қорқынышты. Алдында құлаған үйді тазартып тастайма деп ойладық. Алайда олай болмады. Жауын-шашын кезінде расымен де бізге қауіп төніп тұр”,- дейді Светлана Штоколова.
Естеріңізге сала кетейік, Текелі қаласында қайғылы оқиға 15 мамырда болған. Көшкіннен 5 үй зардап шегіп, апат 5 жасар Жанбота Тілеуханның өмірін қиды.