«Дегерес ауылдық округіне қарасты Дегерес, Сұнқар, Қараарша, Бесмойнақ және Шиен ауылдық округіне қарасты Шиен ауылдарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Оны жою басшысы болып Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары А. Туматаев тағайындалсын және оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын», — делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертасұлының шешім-жобасында.
Айта кетейік, 21 шілде күні болған нөсер жаңбыр салдарынан аталған ауылдардың аумағын су шайып, тас жолдарды, газ және ауыз су құбырыларын зақымдаған еді.