«ПД қызметкерлері жанармай құю бекетінде 1999 жылы туған белгісіз азаматты соққыға жыққан 5 жігітті ұстады. Олар 1998, 1999, 2000 жылғылар», — деп жазды ПД бастығы.
Оқиға 10 қыркүйек күні сағат 02.30-да болған. Аталған дерек Талғар аудандық ПБ-да ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша тіркелген.
«15 қыркүйек күні жедел іздестіру іс-шарасының барысында ұсталғандар УҰИ-ға қамалды. Қазіргі таңда олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», — делінген хабарламада.