Алматы облысында қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды alataunews.kz.
Бүгін Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында мектепке дейінгі білім беру мекемесінің шатыры өртенді. Өрт жапсарлас салынған ғимаратқа таралып, жалпы ауданы 154 шаршы метрді қамтыды.
Ғимарат ішінде болған төрт адам алдын ала эвакуацияланып, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды толығымен сөндірді.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.