Әлеуметтік желіде Талғар маңында атыс болғаны туралы видео тарап жатыр. Видеодағы мәлімет бойынша оқиға Тұздыбастау ауылында, Талғар трактінің жанында болған, деп хабарлайды alataunews.kz.
Полиция бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Алматы облысының Полиция департаменті барлық қатысушылардың ұсталып, полицияға жеткізілгенін және ешкімнің зардап шекпегенін хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Атыстың неден шыққаны және оған қатысы бар адамдар туралы нақты ақпарат әлі берілген жоқ.