«A-Class Medical» ЖШС басқарушы компаниясы дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды alataunews.kz Бесінші аймақ порталына сілтеме жасап.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін жергілікті дәрігерлер дәмхана ғимаратында медициналық көмек көрсетуге мәжбүр болған.
Компания дәрігерлік амбулаторияның жаңартылған сыртқы және ішкі келбетін жөндеп қана қоймай, барлық қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық жабдықталғанын атап өтті. Сонымен қатар ғимаратты жөндеу кезінде барлық инженерлік желілер (ыстық су, кәріз, жылу) жаңартылды, терезелер, өрт дабылдары және электр желісі де ауыстырылды.
Айта кетерлігі, Талдыбұлақ ауылындағы бұл дәрігерлік амбулатория 8 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді, штатта 4 жалпы тәжірибелік дәрігер, бір гинеколог және екі педиатр жұмыс істейді.
Дәрігерлік амбулатория меңгерушісі Баян Ерғалиқызы Есенбаева дәрігерлердің жөндеуді көптен күткенін, қазір барлық қызметкерлердің осында жұмыс істеуге қуана кірісетінін атап өтті.
«A-Class medical» ЖШС басқарушы компаниясы көрсетілетін қызметтердің сапасы дәрігерлердің жұмыс орнына тікелей байланысты екенін, сондықтан қолайлы еңбек жағдайын жасау кәсіпорында бірінші орында тұрғанын атап өтті.
«Біз дәрігерлердің еңбек жағдайын жасауды бірінші орынға қойдық. Дәрігерлердің көпшілігі жеке секторға нақты жағдай үшін баратынын бәріміз түсінеміз. Сондықтан дәрігерлік амбулаторияны жөндеу – бәсекелестікке және халыққа бәсекеге қабілетті қызмет көрсету сапасына жасалған маңызды қадам», – дейді серіктестіктің бас директоры Жанат Хианұлы Хасенов.
Еске салайық, «A-Class Medical» ЖШС Талғар аудандық орталық ауруханасын 2020 жылы сенімгерлік басқаруға алса, сонымен бірге ауылдық дәрігерлік амбулаториялар да сенімгерлік басқаруға өткен болатын. Компания өкілдері қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарға ашық екенін жеткізді.