Алматы облысында «адам зорлады» деп күдікке ілінген азамат уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті. Оны қолға түсіру мақсатында «Сирена» арнайы операциясы іске қосылды, деп хабарлайды alataunews.kz.
«Негізгі бағыттарда бақылау-өткізу пункттері орнатылды, барлық күш пен ресурстар қашқынды іздестіруге жұмылдырылды. Қашу оқиғасының себептерін анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізілуде», — деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті. Сонымен қатар, баспасөз қызметі бұл жағдай департамент басшылығының бақылауында екенін атап өтті.