Алматы облысы Талғар қаласына жаңа әкім сайлау күні белгіленді. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, қала әкімін сайлау 15 желтоқсанда өтеді. Бұл ақпаратты Алматы облысы Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы растады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Айта кетейік, Талғар қаласының бұрынғы әкімі Бахыт Күрішбеков қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін қызметінен босатылған болатын. Осыған байланысты Талғардың жаңа басшысын сайлау жергілікті тұрғындар үшін маңызды оқиға болып отыр.
Жаңа әкімнің міндеті – қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру.
Электронная подарочная карта «Золотое Яблоко»
Еске салайық, Талғар қаласының бұрынғы әкімі Бахыт Күрішбеков өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылған еді.