Сонымен қатар, Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков пен оның орынбасары Айбек Бидаев та “сөгіс” түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев аталған лауазымда екі жылдан аса уақыт жұмыс істеді. Оған дейін Талғар ауданындағы Белбұлақ ауылдық округінің әкімі болған.
Еске салсақ, Талғар қаласындағы жасөспірім Шерзат Болаттың өлімінен кейін, Аслан Қасымбаевтің осы іске қатысы болуы мүмкін «хуторлық Хасан» деген атпен танымал қылмыстық тұлғаның туған бауыры деген ақпарат тарауда. Дегенмен ішкі істер органдары Талғар ауданында қандай да бір ұйымдасқан қылмыстық топтың бар екенін жоққа шығарды.