«24 қаңтар сағат 13:48 шамасында Талғар ауданының ПБ-ге оқ жарақаты бар 32 жастағы азаматтың мәйіті табылғандығы туралы хабарлама түсті. Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді», — делінген хабарламада.
1990 жылғы күдікті, Талғар ауданының тұрғыны Қордай ауылындағы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.