Бейнежазба әлеуметтік желіде kris_p_talgar_2 парақшасында жарияланған, деп хабарлайды alataunews.kz. Желі қолданушылары дәретханада неге есік жоқ екеніне түрлі болжам жасаған. Бірі «балалардың қауіпсіздігі үшін есіктер алып тасталған шығар» десе, өзгесі «балалар, сындырып тастаған шығар. Кеше жалпы мектеп жиналысында болдым, қыркүйекте мектепке есіктер орнатылды, бірақ бәрі сынған» деп пікір қалдырған.
«Иә, есіктер жақында сынған, балалар құлыптарын жұлып алды. Бұл жоғары сынып оқушыларына арналған дәретханалар, олар есіктің топсасын жұлып алды. Қазір есіктер қалпына келтірілді». «Маған бірінші сынып оқушылары аша алмаған соң алып тасталғаны айтылды» деген де болжамдар қалдырған.
Мектеп әкімшілігі бұл ақпаратқа қатысты әлі пікір білдірмеген. Бірақ әлеуметтік желіде жазбаға Алматы облысы прокуратурасы өкілдері жауап берді.
«Ақпарат үшін рахмет, бұл мәселе Талғар ауданының прокуратурасына тапсырылды», — делінген ведомствоның пікірінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram