Судың максималды шығыны секундына 37,8 метрді, бұлдырлығы 4 балды құрады. 7 КамАЗ ағаш діңі мен 15 КамАЗ үйінді шығарылды.
«Талғар бөгеті Талғар қаласынан 5 км жерде орналасқан. Бөрене ұстағыш Талғар бөгетінің үстінде 350 метр қашықтықта орналасқан. Бөрене ұстағыштың ұзындығы 5,5 метрді, ені 5,5-6,0 метрді құрайды. Бөгет жоғарғы бьефтен қойтастармен нығайтылған. Бөрене ұстағыштың негізгі қызметі бөренелерді, ағаш тамырлары мен діңдерін, бұтақтарды және басқа қалқымалы қоқыстарды ұстау болып табылады», — деп жазды ведомстводан.
Іле-Алатау аумақтық пайдалану техникалық басқармасы филиалы өз күштерімен шұңқырды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта су ағыны транзиттік режимде өтуде.
Естеріңізге сала кетейік, 21 шілдеде болған сел салдарынан бөрене ұстағыштың су өткізгіш құрылымы бітеліп, жер бөгетінің оң жағын шайып кетті. 22 шілдеде сағат 00.30-да ұзындығы 5,5 метр, ені 3 метр, тереңдігі 1,2 метр, көлемі 20 текше метр болатын шұңқыр пайда болды.