«Талғар ауданы Алматы облысының экономикасына елеулі үлес қосып жатыр деп айтуға келмейді. Бұл жердің облыс өнеркәсібіндегі үлесі небәрі 5,3 пайыз. Салыстыратын болсақ, дәл осындай әлеуетке ие болып отырған Іле ауданы (42%) мен Қарасай ауданынан (33%) қарағанда, Талғар ауданының үлесі 6-8 есе төмен. Бұл тіпті 3 есе аз халқы бар Қонаев қаласының көрсеткішінен де аз (8,8%)», — деді облыс әкімі.
Оның айтуынша, биыл Талғар ауданы 76,3 млрд. теңгеге өнім өндірді.
«Мұнда пластикалық құрылыс материалдарын өндіру бойынша «КЕРУЕН ПЛЮС», полиграфиялық өнім өндіру бойынша «ИНТЕЛЛСЕРВИС», жиһаз өндіру бойынша «КПК ЗЕТА», арнайы киім мен форма өндіру бойынша «Клотвелл» және т. б. сияқты ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан. Тек осы кәсіпорындардың шығарған өнімі аудандағы өнеркәсіп өндірісінің ширек бөлігін құрайды (24,5%)», — деді Марат Сұлтанғазиев.
Өңір басшысы бұл проблеманы шешу үшін облыс әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев, жауапты басқарма өкілдері аудан әкімдігімен бірлесе отырып, жаңа кәсіпорындарды ашу және жұмыс істеп тұрған өндірісті ұлғайту жөнінде шаралар қабылдауы қажет екенін айтты.
Айта кетейік, бұл ауданда 231 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 172-і өңдеу өнеркәсібімен айналысады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram