Онда балалар аулада ойын алаңы жоқтығын айтып, «ел басқарушы ағалардан» балалар алаңқайын салып беруді сұраған.
Бүгін аудан әкімі Танат Айдарбеков осы видеоға байланысты мәлімдеме жасады. Айтуынша, бұған дейін балалар бейнеүндеу жасаған елдімекенге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары барып, жағдаймен танысқан болатын. Одан бөлек, ауыл әкімі ата-аналармен кездесу өткізбек.
«Биыл демеушілердің қаржысына 1 ойын алаңы салынады. Ал келесі жылы 3 алаң салу жоспарланып отыр», — деді аудан әкімі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram