Білім басқармасы мамандарының сөзіне сүйенсек, бәлендей ештеңе бүліне қоймаған.
«1200 орындық мектептің ішінде әжетхана болмауы мүмкін емес, әрі күлкілі. Акт залының төбесінен су кеткені рас. 420 орындық залдың төбесін әрлеу үшін жабыстырылған материалдың төртеуінен ғана су өтіп, сарғайған. Қазір бұл кемшіліктердің орны толтырып, басқа шатырлармен ауыстырып жатыр», — дейді мамандар.
Сондай-ақ, әжетхананы су алғаны да рас. Десе де, жерасты суларының көтерілгенінен емес, құбырдан ағатын судың қарқыны тым күшейіп кеткен сәтте құбыр жарылған. Қазір құбырды құрылысшылар ауыстырып жатыр.
Және де басқарма өкілдерінің айтуынша, мектептің ауласында дәретхананың орналасуы — қалыпты жағдай. Неге десеңіз, спорт алаңында доп қуып жүрген бала ғимарат ішіне кіргенше, даладағы әжетхананы пайдаланғаны абзал. Екіншіден, мектептің жоспары жасалғанда «оқушылар далаға әжетханаға шығуға болмайды» деген секілді заңдар шықпаған. Оның үстіне, Талғар ауданында ара-тұра су тоқтап қалуы мүмкін жағдайлар да ескерілді. Енді оны сүріп тастау қисынға келмейді.
«Анау айтқандай, мәселе жоқ. Тіпті, тұрғындар мектеп ашылатынына қуанып жүр», — дейді басқарма мамандары.
Мектеп 1-қыркүйекте пайдалануға беріледі