Талғар ауданы бойынша бұған дейін 600 азамат білім алған. Жыл соңына дейін тағы 1 600 адамды қамту жоспарланып отыр.
Оқу барысында азаматтар қаржылық мәселелерді шешу, несиелерді азайту, қолма-қол ақшаны басқару және шығындарын оңтайландыру сынды қаржылық басқаруды жан-жақты меңгеріп шықты.
Сондай-ақ, кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге компанияның бюджетін қалыптастыру, салық есебі және қолданыстағы бағдарламалар мен мемлекеттік қолдау бойынша қаржыландыру шарттарын тиімді пайдалану мақсатында 230-дан аса бизнес-жоспар дайындауға көмек көрсетілді.