Оның айтуынша, жастарға ерекше назар аудара отырып, оларға гранттар мен микрокредиттер беру арқылы халықты жұмыспен қамту жөніндегі жұмысты күшейту қажет.
Биыл өңірде жұмыспен қамтудың белсенді шаралары жүзеге асып жатыр. Бұған бюджеттен 6,7 млрд. теңгеге бөлініп, аясында 12 мың жұмыссыз жүрген азаматтар қамтылатын болады.
«Жыл басынан бері ауданда 4 705 жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Оның 3 604 тұрақты. Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға 828 адам, қысқа мерзімді оқытуға 201 адам жіберілді», – деді Марат Сұлтанғазиев
Сондай-ақ осы жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 19,6 мың адамға 1,1 млрд теңге сома атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.