Бұл жағдай автобус Алматыға қарай түсе берген кезде болды. Көлікте 79 бала мен тәлімгер отырған. Оқиға болған жерге ТЖ департаментінің қызметкерлері мен жол қызметі дереу жіберілді. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Балалар мен тәлімгердің 3 қаңтардан бастап «Айба» спорт кешенінің аумағында бизнес-сабақта болғаны белгілі болды. Балаларды тасымалдайтын автобус жеке көлік компаниясына тиесілі.
Оқушылар басқа көлікке ауыстырылып, жолды жалғастырды. Ал жолдан шығып кеткен автобус эвакуацияланды.