Нәтижесінде, ешбір тұрғын зардап шеккен жоқ. сонымен қатар, тұрғын үйлер де аман қалды. Тірек қабырғаның биіктігі 4 метр, ал ұзындығы 144 метр.
Қазіргі уақытта, тірек қабырғаны ұзарту және тауды каскадты кесу арқылы тау массивін жеңілдету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құлаған топырақ уақытылы шығарылуда. Жергілікті жерде «Қазселденқорғау» ММ, Төтенше жағдайлар департаменті, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Қазгидроспецстрой» ЖШС қызметкерлері жұмыс істеуде. Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғаса бермек.
Айта кетейік, аталған үйде 80-ге жуық адам тұрады. «Қазселденқорғау» ММ мамандары жылына екі рет көшкін қаупі бар кезеңде қауіпті учаскелерде тұратын тұрғындарға қауіп төнуі мүмкін екені жайлы хабарлама жібереді.
Еске салсақ, бұған дейін 2 мамырда сағат 11.20-да ауа райының жиі құбылуына байланысты Талғар ауданы Бесағаш ауылы Баянауыл көшесіндегі №8 «Бурабай» коттедж қалашығында тау баурайынан көлемі шамамен 30 текше метр топырақ көшкіні орын алғанын хабарлаған болатынбыз.