Кездесу барысында ауданға инвестиция тарту мәселесі де айтылды.
«Инвестиция тарту бойынша аудан 15,3% үлесімен үшінші орында. Бірінші тоқсанда аудан экономикасына тартылған инвестициялар да өсімді көрсетіп, 14,4 млрд теңгеге жетті», — деді аймақ басшысы.
Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, ауданның инвестициялық қоржынында 482 млрд. теңгеге 23 жоба бар.
Олардың ірілері:
— «Oi-Qaragai» курортын дамыту және кеңейту (252,2 млрд. теңге, 1200 жұмыс орын);
— «ВанКан Холдинг Групп» керамикалық плиткалар шығаратын зауыт салу (95 млрд. теңге, 1000 жұмыс орын);
— қуаттылығы жылына 1,4 млн тонна «ТехноНИКОЛЬ — Орталық Азия» энергия үнемдейтін жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауыт салу (43,9 млрд.теңге, 1000 жұмыс орын).
«Биыл 686 жұмыс орнын құрумен 72,3 млрд. теңгеге 11 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бірақ, біз үшін қайта өңдеу кәсіпорындарын одан әрі дамыту өте маңызды», — деді Марат Сұлтанғазиев.