«Талғар аудандық орталық ауруханасы директорының бұйрығымен дәрігерлік амбулаторияларда түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Кездесу барысында біз жалақы, жұмыс барысында кездесетін қиындықтар мен оның шешу жолдарын талқыладық», – деді Талғар аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары Эльмира Талғатқызы.
Көшпелі топтың құрамына «A-Class-Medical» бас директоры, директорлар құрамы, директордың орынбасарлары, мейірбике қызметінің басшылары, ОӘБ, БКМУ, МСАК, заңгерлер, дәрігерлер, сарапшылар, эпидемиологтар және аурухананың баспасөз қызметі кірді. Көшпелі топтың барлық мүшелері қызметкерлермен жеке кездесулер өткізді.
«Аурухана басшылығы арнайы келіп, туындаған мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізгеніне риза болдық. Амбулаторияға күрделі жөндеу жасалып, таза әрі жарық ғимаратта жұмыс істеуімізге жағдай жасады. Бүгін біз жұмыс бойынша туындаған көп сұрақтардың жауабын алдық», — деді тазалыққа жауапты маман Ақбота Есенгелдіқызы.
«Біз бірінші кезекте жалақы мен сыйақы мәселесін көтердік. Бізге көшпелі топтың құрамындағы бухгалтер төлем қалай жасалатынын және қалай есептелетінін түсіндірді. Енді бәрі түсінікті. Басшылыққа алғысымды білдіргім келеді. Олар амбулатория үшін көп жұмыс жасады», – деді медбике Гүлнафиз Жұмабайқызы.
Талғар аудандық орталық аурухана басшылығы медициналық мекеме қызметкерлерінің барлық ұсыныстарын қарастыратын айтты.