«Алатау жастары» бағдарламасы Алматы облысынан Жетісу облысы бөлінбей тұрып жасалып, бекітілген. Маусым айында өңір екіге бөлінсе, ал бағдарлама қараша айында басталып кетті. Қонаевқа Талдықорғаннан көшіп келген мамандар талапқа сай келмегендіктен қатыса алмайды», — деді Мақсат Кенешев.
Бағдарлама талаптары келесідей:
— Қазақстан Республикасының азаматтығы;
— Алматы облысында кемінде 1 жыл тұрақты тіркеудің болуы;
— жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан, бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген кездегі бағдарламаға қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде қатысуға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана рұқсат етіледі;
— бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 (бес) жылда Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйдің (ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі, өтінішке енгізілетін отбасының басқа мүшелерімен бірлесіп ортақ үлестік меншік) болмауы;
— қатысушының таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі Алматы облысында өтініш берген сәтте соңғы бір жылдан кем емес, зейнетақы шотынан үзінді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram