ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, екі жағдайда да алаяқтар өздерін тәртіп сақшысымыз деп таныстырған.
«Олар бір сценарий бойынша жұмыс істейді: қызыңыз адамды қағып кетті, ауыр халде ауруханаға жатқызылған адамға, сондай-ақ көлік апаты фактісі бойынша қиындықтарды «шешуге» шамамен 5 млн теңге қажет деп қоңырау шалады», — делінген мәліметте.
Жәбірленушілердің бірі алаяқтарға 3,5 млн теңге берсе, екіншісі 1 млн теңгеден айырылған.
Полиция бейтаныс адамдармен, әсіресе телефон арқылы сөйлескенде қырағы және абай болуға шақырады. Полицейлер алаяқтардың әрекеті туралы білген жағдайда, дереу хабарлауыңызды сұрайды.