Түнгі рейд барысында облыс орталығының көшелерінде бірнеше мас жүргізушілер ұсталды, олар әкімшілік қамауға алынып, автокөлікті басқару құқығынан бірнеше жылға айырылады. Олардың біреуі осыған ұқсас құқықбұзушылық үшін бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған, деп хабарлады облыс полициясы.
Бес құқықбұзушы медициналық айықтырғышқа жеткізілді, төрт автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылды.
Қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені, сондай-ақ жолдың жүріс бөлігінің дұрыс емес жерде өтуі үшін айыппұл салынатын жаяу жүргіншілер арасында өрескел бұзушылықтар анықталды.
Автопатрульдеу кезінде экипаждардың бірі металл сынықтарының астына тиелген «Фольксваген-Пассат» автокөлігін ұстады. Барлық мән-жайлар анықталғанға дейін көлік қалалық полицияға жеткізілді.