Облыстың білім басқармасы жанжалға қатысушылардың бірі колледжден шығарылғанын айтты. Өйткені қыз кәмелетке толған және өз әрекетіне жауап бере алады.
Алайда, қалған екі оқушының мәселесі әлі шешілген жоқ, олардың ата-анасы балаларына дұрыс тәрбие бермегені үшін 69 мың теңге айыппұл төлеген болатын.
Талдықорған және Қаратал ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссия отырысы жоспарланған, отырыста оқушылардың болашақ тағдыры туралы шешім қабылданады. Қыздар кешкі мектептерде оқиды.
«10 қаңтарда ұрып-соққан оқушылардың бірі колледжден шығарылды. Қалғандары әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның алдына шығады. Хаттама толтырылады, соған сәйкес соттың атына тиісті ұсыныстар жіберіледі», — деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әлішер Басаров.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде бейнежанжалды жариялаған оқушының мәселесі де қаралып жатыр. Қыз Алматы колледждерінің бірінде оқиды, ол да комиссия мүшелерінің алдында жауап береді.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қаңтарда әлеуметтік желілерде үш құрдасының оқушыны аяусыз ұрып-соққан бейнежазбасы тарады. Бұл қоғамдық резонанс тудырды. Полицейлер бейнеролик Талдықорғанның пәтерлерінің бірінде түсірілгенін және жанжалдың барлық қатысушыларын анықтады.
Іс жүзінде әкімшілік іс қозғалды, оқушылардың заң бұзушылығы полцияда тексеріліп жатыр. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот мектеп оқушыларының ата-аналарына үлкен ақшалай айыппұл салды. Сондай-ақ білім беру саласының 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.