Қазір қайта жылу жүйесі іске қайта қосылғанымен тұрғындар мен ауруханада жатқан науқастар нысандардың суықтығына шағымданып жатыр.
Облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары тұрғындардың шағымын жоққа шығармады.
Ол қайта қосылған құбырларда ауа пайда болып, сол себепті жылу дұрыс жүрмей жатқанын түсіндірді.
«Талдықорғандағы Желтоқсан көшесіндегі 286-шы нысанның бойында орналасқан құбырда жырық пайда болып, оны жөндеу үшін қалада жылу беру тоқтатылды. 11 қараша таңғы сағат 09:40 кезінде өшірілді. Апаттық нысанда он сағат бойы жұмыс жүргізілді. Жұмыс аяқталғаннан кейін жүйе суға толтырылып, қазандықтар қайта қосылып, жылу берілді. Қазір барлық жерде жылу бар. Бірақ құбырларда ауа пайда болған. Сол себепті жылу дұрыс жүрмей жатыр. Қазір ауа құбырдан шығарылып жатыр. Бұл жұмыс бүгін аяқталады деп жоспарлап отырмыз», — деді Жетісу облыстық энергетикалық және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Данияр Искаков.