«Қоймадан «Сайга» карабині, «ИЖ-56» аралас мылтығының кесіндісі, сигналдық револьвер, тапанша, сонымен қатар 100-ден астам түрлі калибрлі патрондар, 13 гильза, кісен және кобура тәркіленді», — делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.