Жәбірленушілер ақпаннан бастап полицияға жаппай жүгіне бастаған.
«Күдіктілер қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әзірге 12 жәбірленуші бар, бірақ әлі өтініштер түсіп жатыр. Баспана кезегінде тұрғандар, көпбалалы отбасылар және т.б. зардап шегіп отыр. Келтірілген шығын көлемі 16,5 миллион теңгеге жуықтады. Бірақ өтініш берушілер санының артқанын ескерсек, бұл сома екі есеге артуы мүмкін. Істі тергеу облыстық Полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды», — деді Жетісу облысы бойынша тергеу басқармасының бастығы Руслан Чарапиев.
Күдіктілер 28 жастағы ер адам мен 33 жастағы әйел. Екеуі де жұмыссыз. Олар жәбірленушілерден «қызметі» үшін 450 000 теңгеден екі миллион теңгеге дейін алған. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.